Сіздер Павлодар аймақтық Мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығының сайтына хош келдіңіздер!

    Қазақстан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бірінші институционалдық реформасын іске асыру кезеңіне өтті. Аталған басымдықты таңдау барлық дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының негізгі қағидатына – «тиісті мемлекеттік басқаруға» сәйкес келеді. Тиісті мемлекеттік басқаруды кәсіби мемлекеттік қызметшілер қамтамасыз етеді, олар өз құзыретін үнемі дамытып отырады. Мысалы, Сингапурда әрбір мемлекеттік қызметші өзінің кәсіби деңгейін жыл сайын кем дегенде 100 сағат көлемде арттырып отыруға міндетті, оның ішінде 80 сағат мемлекеттік қызмет колледжінде өтеді. Нәтижесі: бүгінде Сингапурдың мемлекеттік қызметшілері әлемдегі ең бәсекеге қабілетті болып табылады.

   Павлодар орталығы біздің және жалпы алғанда елдің мемлекеттік қызметшілерінің бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізгі факторы ретінде өңірдің басқарушы кадрларының кәсіби құзыретін дамытуға деген қажеттілігін барынша қанағаттандыруға талпынады.

    Біздің сайтымыз Сіздің өміріңіздегі тұрақты бетке айналатынына, ал Сіз кез келген уақытта кіріп, өзіңіздің игі тілегіңізді немесе қатал сыныңызды, қызықты жаңалығыңызды немесе айлалы сұрағыңызды қалдыра алатын досымызға айналатыныңызға мен сенімдімін.

Құрметпен, Директор Гүлнар Исенова

Мемлекеттік органдардың кадрлар қбіздің бүгінгі күдіктерімізызметі басшыларының назарына! Мемлекеттік қызметшілерге біліктілікті арттыру семинарына және қайта даярлау курстарына қатысуға жасалған шарт болған кезде ғана рұқсат етіледі.

 

Жаңалықтар мен Оқиғалар

ҚР АШМ АӨК-дегі Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторларына арналған арнайы семинар

Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында ағымдағы жылғы 19-23 қыркүйек аралығында ҚР АШМ АӨК-дегі Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторларына арналған «Өсімдіктерді қорғау және карантин мәселесі бойынша жоспардан тыс, ішінара тексерістер және бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу. «Астық нарығын реттеу саласындағы ҚР заңының сақталуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша арнайы семинар өткізілді. Семинар шеңберінде қатысушылар бақылауқадағалау функцияларының, екі жүз елу немесе одан да көп гектар дәнді дақылдардың егістік көлемі бар отандық дән өндірушілерді бақылау, мемлекеттік дән ресурстарын қалыптастыру бойынша міндеттерді, дән нарығын реттеу саласындағы ҚР Заңын жергілікті атқарушы органдармен сақтауға бақылау жүргізу тәртібі мәселелерін жүзеге асырудың негізгі принциптерін оқыды. Толығырақ


Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік, жергілікті және өзін-өзі басқару

Ағымдағы жылдың 5-9 қыркүйекте Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы жергілікті бюджеттерді атқару және қалыптастыру мәселелерін түсіндіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік, жергілікті және өзін-өзі басқару» атты семинар өткізді. Семинарға жергілікті және аймақтық мемлекеттік мекемелердің бөлім басшылары, қалалар мен аудандар әкімі аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің бас мамандары және бөлім басшылары қатысты. Бүгінгі күнде бұл семинар өзінің өзектілігімен талап етілген. Семинардың мақсаты- тәжірибемен бөлісу, бюджеттік, салықтық, жер заңдылықтарымен байланысты көкейкесті мәселелерді талқылау, жергілікті басқару жүйесінің қоғамдық мекемелермен байланысын және жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастыруды анықтау. Толығырақ


Ересектерді көңілді оқыту керек!

2016 жылғы 2 қыркүйекте Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында Орталық қызметкерлері мен оқытушылар шақырылған «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға арналған белсенді сабақ беру әдістерін пайдалану» семинар-тренингі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты ересектерді оқытудың белсенді әдістерінің рөлдерін тереңдете түсіну, ИКТ-технологияларын қолдана отырып интербелсенді оқыту дағдыларын үйрету болып табылады. Семинар-тренинг барысында мүмкіндіктер мен тәуекелдер талдамасына өзінің тәсілдемесімен қызықтырған «Әуе шары» белсенді оқыту әдісі қолданылды. Толығырақ


«Қазақстандық жастардың көші-қоны» кейс-әдістері

5 қыркүйекте Орталықта, жазғы демалыстан соң, «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік басқарушылық лауазымына алғаш рет тағайындалған тұлғаларды қайта даярлау курстары бастау алды. Курс тыңдаушылары дәстүрлі түрде кездесетін негізгі қиыншылықтар өздік жұмыстары мен талдама хаттарын жазумен, нақты айтқанда, өз ТӨЖ-тары мен ТХ-жобаларын логикалық үлгілеумен байланысты. Ғылыми жұмыстардың тақырыбын тыңдаушылар курстардың алғашқы күндері белгілейді, сондықтан да біз курстарды мәселелердің диагностикасы мен оларды шешу жолдарын жасауға арналған тәжірибелік сабақтардан бастадық. Бұл сабақтар аясында тыңдаушылар алғаш рет кіші топтарда «Қазақстандық жастардың көші-қоны» кейсімен жұмыс істеді. Оларға жастардың сыртқы және ішкі көші-қон статистикасының негізінде сипатталған ахуалдың түпкі мәселесін анықтауға; мақсатын белгілеп, оны міндеттер мен іс-шараларға бөлшектеп байланыстыруға; қажетті ресурстарды белгілеуге; нәтиже мен жоба қорытындысын болжауға тура келді. Осылайша, ұсынылған күрделі жағдай бойынша жобалардың 3 логикалық үлгісі құрастырылды. Толығырақ


Балалар да айтуын біледі, алайда, жөнімен айту ересектің көбінің қолынан келмейді

27 мамырда Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Британия елінің Ulster University бірлесе өткізген «Кейс-әдістерді зерделеу мен оқытудағы әдістемеде қолдану» әдістемелік семинарына қатысты.Оқытушылар Колин Нокс пен Карл О’Коннэр семинар бағдарламасын екі блокқа бөліп өткізді, олардың біріншісі зерделеу әдісі ретінде кейс-әдістеріне арналған болса, екіншісі – оқыту құралы ретінде. Негізінен мемлекеттік қызметшілерді оқыту аймақтық орталықтарының қызметкерлері мен оқытушыларынан тұрған аудиторияға Қазақстанда мемлекеттік билікті орталықсыздандыру мәселесі бойынша кейс-әдістемесін таңдау алгоритімін құрастыру ұсынылды.Толығырақ


Сұлулық — тағдырдың сыйлығы, ал Сауаттылық — тек жаратылысқа ғана байланысты

Павлодар аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында үстіміздегі жылғы мамырдың 18-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Іс-шараға өңіріміздің 56 мемлекеттік қызметші қатысты. Диктантты тексеру бойынша сараптама комиссияға Сағындықұлы Бекен - филология ғылымының докторы, профессор, төраға; Бақыт Әмірханқызы Ысқақ - филология ғылымының кандидаты, профессор; Баян Рамазанқызы Қожахметова, магистр; Гүлсара Зейноллақызы Кокина – Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары; Бекболат Сауырбайұлы – «Халық» радиосының тілшісі.Диктант қорытындылары бойынша «өте жақсы» деген бағаға жазған 11 адам белгіленді, ал 32- «жақсы» және 13 – «қанағат.» деген нәтижеге ие болды.Диктант қорытындылары бойынша «өте жақсы» деген бағаға жазған 11 адам белгіленді, ал 32- «жақсы» және 13 – «қанағат.» деген нәтижеге ие болды.Толығырақ


Ауылдық әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіптік қызметі

2016 жылғы сәуірдің 18 мен 22 аралығында Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында «Ауылдық әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіптік қызметі» тақырыбындағы семинар селолық округі аппарат әкімдерінің мамандары үшін өткізілді. Бағдарлама мына тақырыптар бойынша сабақтар қамтиды: «Ауыл халқының жұмыспен қамтылуы – мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі», «Бюджеттік қаражатты басқару қызметін тиімділігін бағалау», «Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологиялар қолдану», «Қазақстан Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік қызмет мәселері бойынша өзгерістерімен толықтыруды іске асыруы өзекті мәселелер туралы». Сабақтар нысаны: интерактивті әдістер мен технологияларды және мультимедиялық қолданылуын пайдалану. Мысалы дәріс, пікір-талас форматында. Толығырақ


Мемлекеттік қызметтегі нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Павлодар аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында үстіміздегі жылғы сәуірдің 11-15 аралығында «Мемлекеттік қызметтегі нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында ресми құжат ретіндегі нормативтік-құқықтық актілер ерекшеліктері, оны іске асыру тетіктері қаралды.Пікір алмасу форматында өткен «Мемлекеттік басқарудың құжаттамалық қамтамасыз етілуі» тақырыбы өз практикалық маңыздылығымен өзекті, өйткені орындалу барысында көптеген сұрақ туындап жатады. Ал семинар үстінде тыңдаушылар осы бағытта қызмет етіп жатқан жетекі мамандардың кеңес-консультацияларын алуға мүмкіндікке ие болды, мәселен облыс әкімі аппаратының кеңсе меңгерушісі Г.Т. Омарова, Әділет Департаменті НҚА тіркеу бөлімінің бас маманы Қ.Ә. Медетова.«Мемлекеттік қызметтер көрсету регламеттерін мемлекеттік тіркеу» мәселелері орындаушыларды ғана емес осы қызметтерге мұқтаждыларға да қажетті. Электрондық қызметтер саласы семинар сабақтарында атап кетілді, аталған тақырыпты ХҚО директорының орынбасары С.Е. Ауппаева«Электрондық қызметтер – «электрондық үкіметтің жаңа мүмкіндіктері»: «Электрондық үкімет порталы» толығымен ашқан болатын. Толығырақ


Қазақстан ЭЫДҰ пікірталастарына қатысуға қол жеткізді және мүмкіндік алды

Павлодар аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында үстіміздегі жылғы сәуірдің  4-6 аралығында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» тақырыбы бойынша семинар өтті. Заңнама базасындағы соңғы өзгерістерге байланысты семинар тақырыбы қызықты әрі өзекті болды.Ағылшын әдебиетінің сыншысы, Ағарту заманының ақыны Сэмюэл Джонсон заң жөнінде жақсы атап кеткен болатын, ол оны даналықтың көрінісі деп белгілеген, шынында, заң қоғамдағы қарым-қатынастардың негізі болып қызмет етуде. Жаңа Еңбек кодекстің қабылдануы қоғамда  қызу талқылануының белсенділігін көрсетті. Аталған семинардың мақсаты оның негізгі ережелерін түсіндіру болып белгіленген.Заңның дұрыс түсінуі оның сапалы орындалуына тірелетінін ұмытпағанымыз жөн, қытай стратегі, жс.д. ҮІ ғасырының  ойшылы Сунь Цзы былай деген екен: «Заңға сеніп, оның ережелерін түсіну — тек осылай ғана келісімдікке жетуге болады». Қоғамдағы келісімдік пен үйлесімдікке қол жеткізу үшін жоғары деңгейде қабылданатын және оларды орындау тетіктерін қарастыратын жақсы заңдар. Толығырақ


Қазақстан ЭЫДҰ пікірталастарына қатысуға қол жеткізді және мүмкіндік алды

Өткен айда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының (ЭЫДҰ) басқару мектептері желісінің жыл сайынғы жиналысы өтті.Ол Париждегі ұйымның бас штаб-пәтерінде өтті. Бұл үлкен іс-шара, оған жыл сайын мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы әлемдік сарапшылар мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды тиімді басқаруды одан әрі арттыру, қызметтерді табысты түрде ұсынуға мемлекеттік қызметшілердің дағдыларын дамыту және білім беру мен тренингтік бағдарламалардың сапасы жөніндегі мәселелерді талқылау үшін жиналады. Іс-шара деңгейінің жоғары екендігі туралы оның қатысушылары бойынша баға беруге болады. Осы отырысқа Мари Кивиниеми, ЭЫДҰ бас хатшысының орынбасары; Борис Копривникар, Словения вице-премьер-министрі және мемлекеттік басқару министрі; Стюарт Беннетт, Ұлыбританияның мемлекеттік қызмет директорының орынбасары қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ЭЫДҰ елдерінің жетекші білім беру орталықтары мен ұлттық мемлекеттік басқару мектептерінің өкілдері қатысты. Жиналысқа ҚР Президентінің Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерінен тұратын Қазақстан делегациясы да қатысты. Толығырақ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыруда қоғамдық ұйымдардың рөлі

31 наурызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыруда қоғамдық ұйымдардың рөлі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі жобаның шеңберінде іске асырылған іс-шараның ұйымастырушылары болды.Қызығушылық тудырған диалогтың барысында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері мен қоғам өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралардың тиімділігін талқылады. Толығырақ

 


Балалар да айтуын біледі, алайда, жөнімен айту ересектің көбінің қолынан келмейді

Үстіміздегі жылғы наурыздың 28-і сәуірдің 01-і аралығында Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында «Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдасы» атты тақырыпта семинар өтті. Аталған оқулар тыңдаушылар арасында өзекітігімен талап етіледі. Әр занамда көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері, өз ойын жетік жеткізе білу маңызды болатын, тіпті ойын қағаз жүзінде сауатты ресімдеу белгілі дағдыны қажет етеді, сондықтан, осындай қасиеттерді әрдайым дамытып жетілдіру қажет. Айтуын балалар да біледі, алайда жөнімен айту ересектің көбінің қолынан келмейді (Скилеф) деген нақыл сөзге қосып айту оңай емес, бірақ коммуникативтік мәденитетінің қажетті бір бөлігі ретіндегі көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын қалыптастыруға тыңдаушының назарын аударып отырмыз. Осы сәтте Орталықтың оқытушылары Н.М. Ким, Р.Д. Әшімбетова, Г.Т. Топанова көмектеседі. Толығырақ


Біздің бүгінгі күдіктеріміз - ертеңгі жетістіктерімізге кедергі болады

Үстіміздегі жылғы көктем Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында тақырыптардың басым бағыттарын белгілеп, әрқашан өзекті болатын қаржылық сауаттылығы заңнамадағы жаңалықтарға байланысты талап етіледі. Жеке атап кететін жағдай, мемлекеттік мекемелер ұсыныстары бойынша Орталық тұрақты негізінде аталған тақырып бойынша семинарлар өткізуде, мысалы, өткен жылы Баянауылға, Железинге, Шарбақтыға, Ертіске, Качиры және т.б.аудандарға барып семинарлар өткізіп келді. Толығырақ


Орталық директоры Г.К. Исенова Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ханс Дриссермен

10 наурыз күні Орталық директоры Г.К. Исенова Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ханс Дриссермен, Нидерланды Елшілігінің саяси мәселелер, адам құқықтары және жобалар жөніндегі үйлестірушісі Ирина Бучинскаямен, Бельгия Корольдігі Елшісінің саяси, экономикалық және мәдени мәселелер жөніндегі көмекшісі Дарья Суходольскаямен кездесті. Диалог барысында елші мемлекеттік қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастырудың скандинавиялық үлгісінің негізгі басымдылықтары туралы айтып берді, соның арқасында Норвегия басқа да скандинавиялық елдермен бірге халықтың өмір сүру сапасы, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша, халықтың сан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі бойынша әлемдік рейтингте алдыңғы қатарда келеді. Толығырақ


Алғыс айту күні

Алғаш рет 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – біздің республика Алғыс айту күнін атап өтпек. Бұл мереке өткен ғасырдың басы мен ортасындағы қайғылы жағдайға толы оқиғаларға арналған, сол кезде көптеген жер аударылған халық үшін Қазақстан өз отанына айналды. Өздері ауыр күйде болуына қарамастан, қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлеріне қабылдады. ХХ ғасырдың ең басында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам келсе, өткен жылдың 30-жылдары жаппай ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың тәркіленген шаруалар жер айдалып келді. Бұдан басқа, өнеркәсіп объектілерін салу үшін КСРО-ның түкпір-түкпірінен шамамен 1,2 миллион адам қоныстандырылды. Толығырақ 


«Ақылды адам кейде асықсада, бірақ ешнәрсені асығыста жасамайды

Павлодар аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында 2016 жылғы ақпанның 15-19 аралығында «Мемлекеттік басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Тақырып құжаттау мәселелерді, басқару сипаттағы ұйымдастырушылықты қамтиды. Жүктелген міндеттерді үзіліссіз жүзеге асыру үшін қызмет үдерісінің нақты және тиімді ұйымдастырылуы қажет. Осы міндеттерді атқару үшін әзірленген құжаттар айналымын жүргізу тетіктері, басқарудың қызметтік-нормативтік құжаттамалардың құрастырылуы маңызды. Қолданыстағы заңнама стандарттарына сәйкес негізделген құжаттаманы ресімдеу және жүргізу, көбінесе, өз қызметі барысында нормативтік актілерді қолдану дағдыларына және құжат айналымды ақпараттандыруға байланысты.Аталған бағыттағы жұмыс икемділікті, заңнама базасын жетік білуін, тиімді және уақытылы шешімдер қабылдауды талап етеді. Толығырақ


                                     Бюджет ешқашан тепе-теңдік сақтамайды

Атақты француз прозаик-реалист Гюстав Флобердің «нақтылы сөз» теориясы қазіргі уақыттағы бюджеттің жағдайын биязы жеткізуде. Тіпті, жыл басы мемлекеттік сатып алулар жүйесіне өз түзетулерін енгізді. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңы қабылданып, жаңа өзара қарым-қатынастар мен бюджет және оның орындалуын біріктіріп байланысты-ратындарға қойылатын талаптарды реттейді. Тақырып өте қызықты, ал ол қалай орындалы қойылатынын уақыт көрсетейді. Айтқандай, семинар өз кезегінде талқылау, талдау және жаңа үдерестің ойланып орындаудың алаңы болып белгіленді. Міне, үстіміздегі жылғы ақпанның 1-5 аралығында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Павлодар аймақтық орталығы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуды құқық-тық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша семинар жұмыстарын жалғастырды. Толығырақ


Мемлекеттік қызметшілерді курстық қайта даярлау форматының өзгерілуі

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы Сізге, қалалар және аудандар бюджет құралдарын жұмсауды оңтайландыру, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы назарларын курстық қайта даярлау өтуге жиі аударуды азайту мақсатымен, қыркүйек айының 7-н бастап, барлық санаттағы мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өзгерілген форматын енгізу жоспарлануда:

1) кезең (күндізгі), үш апта - аудиториялық сабақтар;

2) кезең (сырттай), үш апта - талдау хат жазу/өздік жұмыс жазу (ТӨЖ/ТХ);

3) кезең, бір күн- ТӨЖ/ТХ қорғау.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әр қайсысы, тиісті мемлекеттік органның басшысы қалауымен, Орталыққа өзі келіп немесе онлайн тәртібі арқылы қорғауға қатысуға құқығы бар. Ұсынылыған шаралар іссапар шығындарын азайтуға және мемлекеттік қызметшілердің қызметттерін белсендіре түсуге, сонымен бірге оқу үрдісін жаңа ақпараттық технологиялармен жетілдіріп дамытуға мүмкіншілік туғызады. Мемлекеттік қызметшілерді курстық қайта даярлау жөнінде згертілген жоспар-графигін м.ж. көруіңізге болады. Сізге мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау жөнінде ақпарат қажетті болған жағдайда мына 32-96-04 тел. немесе Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек . электрондық пошта арқылы мәліметтерді алуға болады.

Чепурная И.  

                                                                    мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бөлімінің басшысы    


Қала және аудандардың мемлекеттік органдарының кадрлық қызметкерлерінің назарына!

Орталықта ағылшын тілің оқыту сұрақтарына байланысты қала және аудандардағы мемлекеттік органдарынан көп сұрақтар келіп түсуіне байланысты, келесі түсініктеме береміз. Тiлге үйрету төрт деңгейде жүзеге асырылады: “Elementary” (жай қарапайым), “Pre-Intermediate” (орташадан төмен), “Intermediate” (орташа) и “Upper-Intermediate” (орташадан жоғары).Оқу топтарын қалыптастыру алдында мемлекеттiк қызметкерлердiң ағылшын тілін меңгеру деңгейiн анықтау үшін кіріс тестеу өткізіледі. Нәтижесіне сәйкес оқырмандар тиiстi кіріс деңгейi бар топқа қосылады. Бiр нақты деңгей бойынша курсте оқу мерзiмi – 3 ай. Бір аптада сабақ саны – 3. Бір сабақтың ұзақтығы – 2 академиялық сағат (90 миниут).Орталықтан әр оқырманға оқу құралы, практикалық жұмысқа арналған жұмыс дәптерлер, аудио- материалдар беріледі. Курстың басталу күні оқу топтарының нақты жинақталу күнiмен анықталады. Ағылшын тілін үйренуге ықылас білдірген жергілікті емес мемлекеттiк қызметкерлердің сабаққа қатысу мүмкүндігі болмағандарына байланысты, Павлодар облысының қала және аудан әкімі аппаратының басшыларына (2011 ж. 04.10. №226 хат) жергілікті бiлiктi оқытушыларды Орталықтың штаттан тыс оқытушылары ретінде өз орындарында ағылшын тілін оқытуға ұсыныс бердік. Бір топта – 5 оқырманнан аз болмауыға тиісті. Толығырақ

Авторлық құқық © 2016. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Павлодар аймақтық орталығы. Барлық құқықтар қорғалған.